08
май
2026
2026 жылдың 08 мамыр күні №34 орта мектепте білім алушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 8–11 сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында судағы қауіпсіздік ережелері, терезе қауіпсіздігі, мереке және демалыс күндеріндегі қауіпсіздік талаптары, жолда жүру мәдениеті, қоғамдық орындардағы тәртіп, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Оқушыларға жаз мезгілі қарсаңында сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертіліп, қауіпсіздікке байланысты жадынамалар таныстырылды.
Түсіндіру жұмыстарын ДҚТІЖО З.Ә.Умбетбаева мен ДТІЖО Л.С.Колдасова жүргізді.
Мектеп әкімшілігі білім алушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өз өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
