Байқа, терезе ашық! 13 сәуір күні мектебімізде «Байқа, терезе ашық!»
Бұл шарада бізге полиция инспекторы Э.Байниязова терезенің жанында ойнау қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді. Кішкентай балалар кейде терезеден құлап кетіп жатады. Сондықтан мұндай жағдайлар болмас үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды! Есте сақта: Ашық терезе – қауіпті! Терезенің алдында отырма, ойнама! Үйде жалғыз қалғанда терезені ашпа! Ата-анаңмен бірге қауіпсіздік туралы сөйлес! Біз бәріміз қауіпсіз өмір сүргіміз келеді. Сол үшін қарапайым ережелерді есте сақтайық!