18
декабрь
2025
«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы
«Қамқор» жобасы аясында ұйымдастырылған «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Акция барысында оқушылар түрлі қалдық материалдарды тиімді пайдаланудың үлгісін көрсетті. Қағаз, картон, мақта және тұрмыстық қалдықтардан әртүрлі әсем бұйымдар, қолөнер заттары мен шығармашылық жұмыстар жасалды. 

Бұл жұмыстар оқушылардың қиялын дамытып қана қоймай, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттырды. Әрбір жасалған бұйымда балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығы айқын көрініс тапты.
Іс-шара 4 «А» сыныбында ұйымдастырылды. Сынып жетекші:
Аштаева К.К.
https://www.facebook.com/share/v/1DPeYEzRgH/
