
«Мен саған ризамын, себебі…» челленджі – оқушылардың бір-біріне, ұстаздарына, ата-аналарына немесе мектеп қызметкерлеріне шынайы алғыс білдіруі арқылы ризашылық сезімін көпшілікке үлгі етті. Қарапайым ғана сөздің жүректен жүрекке жылу сыйлайтын құдіреті бар екені осы іс-шара барысында айқын сезілді. Әр оқушының шынайы лебізі айналасына мейірім шуағын шашып, мектеп ішінде өзара түсіністік пен сыйластықтың артуына ықпал етті.

Челлендж барысында айтылған әрбір алғыс сөзі – құр сөз емес, ол – құрметтің, кішіпейілділіктің, адамгершіліктің көрінісі. Балалар өз достарына қолдауы үшін, ұстаздарына білімі мен тәрбиесі үшін, ата-аналарына қамқорлығы мен махаббаты үшін ризашылықтарын білдірді.

Алғыс айту – үлкен мәдениет, ол адамды кішіпейілдікке, қамқорлыққа, шынайылыққа тәрбиелейді.
Жүректен шыққан алғыс – адам жанын нұрландыратын ең әдемі сый.
https://www.facebook.com/share/r/1FdXW7rBPw/
https://www.facebook.com/share/v/1ECLhY2Frt/
https://www.facebook.com/share/r/17nJhar6Df/
https://www.facebook.com/share/r/1BUgXi7X1p/
https://www.facebook.com/share/r/1DWXYyR7tK/
https://www.facebook.com/share/r/1DtHBRYDW1/