15 ақпан – Ауған соғысы ардагерлер күніне орай  «Ауғанстан жүректегі жара» » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 ақпан – Ауған соғысы ардагерлер күніне орай  «Ауғанстан жүректегі жара»
19
февраль
2026

15 ақпан – Ауған соғысы ардагерлер күніне орай  «Ауғанстан жүректегі жара»

🔰17 ақпан күні мектеп қабырғасында ерекше де тағылымы мол іс-шара — Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. 
🔰Кездесудің басты мақсаты – Отан үшін от кешкен ерлерді ұлықтау, олардың ерлігін жас ұрпақтың жадында жаңғырту және оқушылардың бойында отансүйгіштік рух қалыптастыру болды.
🔰Кешке Жамбыл облысының Интернационалист - жауынгерлер одағы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Төртбаев Марат Әсілбекұлы мен бірлестік мүшесі Сертеков Жеңіс Шалқарбекұлы арнайы шақырылып, оқушылармен мазмұнды сұхбат құрды. Мектеп директоры С.Ботамкулова ардагерлерге құрмет білдіріп, олардың ел үшін жасаған жанқияр ерліктері ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті.
🔰Ардагерлер өз сөздерінде Ауған жеріндегі ауыр кезеңдерден сыр шертіп, бастан өткерген оқиғаларын тебіреніспен жеткізді. Олардың әңгімелері жас буынға батылдық пен қайсарлықтың, достық пен адалдықтың шынайы үлгісін көрсетті.
🔰Іс-шара барысында оқушылар Ауған соғысы тақырыбына арналған патриоттық әндер мен музыкалық композициялар орындап, кештің әсерін тереңдете түсті. Ән шумақтарынан туған жерге деген сүйіспеншілік, Отан қорғаушыларға деген шексіз құрмет және ел болашағына деген сенім айқын сезілді.
🔰Бұл кездесу – өткенге тағзым, ерлікке құрмет, ал болашаққа – берік сенім ұялатқан тағылымды кеш болды.
Ұйымдастырған: АӘД пән мұғалімі Қ.Х.Ноғайбаев, педагог-ұйымдастырушы Э.Т.Буканбаева

https://www.facebook.com/share/r/1ceLRrwWFy/
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив