
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында және «Smart bala» жобасы шеңберінде білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және заманауи технологияларға қызығушылығын қолдау мақсатында «Үздік ІТ» байқауы ұйымдастырылды.

Аталған байқау – жас ұрпақтың ақпараттық технологиялар саласындағы білімін шыңдауға, инновациялық ойлауын қалыптастыруға және ІТ бағытындағы жобаларын көпшілікке таныстыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Байқау барысында қатысушылар бағдарламалау, графикалық дизайн, робототехника, веб-сайт жасау, мобильді қосымша әзірлеу сынды бағыттар бойынша өз жобаларын ұсынып, креативті идеялары мен техникалық шеберліктерін көрсетті.

Іс-шараның басты мақсаты – адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын бойына сіңірген, цифрлық дәуір талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Сонымен қатар, байқау оқушылардың зерттеушілік дағдыларын жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасуына және кәсіби бағдарын айқындауына ықпал етті.

«Үздік ІТ» байқауы – талантты жастарды қолдауға, олардың жаңашыл идеяларын жүзеге асыруға жол ашатын, білім мен технологияны ұштастырған тағылымды әрі мазмұнды жоба болып табылады.
Ұйымдастырған: Информатика пән мұғалімдері К.К. Хазгалиева, А.Сирманова, А.Исмазова
https://www.facebook.com/share/r/1LMr5CemXx/