«Әке – ұрпақ тәрбиесінің үлгісі» әкелер құрылтайы » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әке – ұрпақ тәрбиесінің үлгісі» әкелер құрылтайы
29
январь
2026

«Әке – ұрпақ тәрбиесінің үлгісі» әкелер құрылтайы

🔰«Әке – балаға сыншы», «Әке көрген оқ жонар» деген дана халқымыздың сөздері әкенің қоғамдағы, отбасыдағы айрықша орнын айқын көрсетеді. Әке – отбасының тірегі ғана емес, баланың өмір жолындағы ең алғашқы ұстазы, бағыт-бағдар беруші шамшырағы. Оның әрбір ісі, айтқан ақылы мен көрсеткен өнегесі баланың бойына өмірлік құндылық болып сіңеді.
🔰Іс-шара барысында Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы Сәкен Нұрмаханұлы әке тақырыбына қатысты терең ойлы, тағылымы мол пікірлерімен бөлісті. Ол әкенің отбасы өміріндегі орны, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі мен өнегелі рөлі жайында сөз қозғап, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қағидаттардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, әке — отбасының тірегі, баланың өмірлік бағдарын айқындайтын басты тұлға екенін айта келе, өз ойларын өмірден алынған мысалдармен әсерлі жеткізді. Оның мазмұнды баяндамасы қатысушыларға терең ой салып, тәрбиелік мәні зор әсер қалдырды.
🔰Әкенің мейірімі мен талапшылдығы, жауапкершілігі мен парасаты баланың тұлға болып қалыптасуында шешуші рөл атқарады. 🔰Әке баласына адалдықты, еңбекқорлықты, батылдық пен табандылықты өз іс-әрекеті арқылы үйретеді. 
🔰Отбасындағы әкенің беделі – тәрбие негізі, ал оның өнегесі – ұрпаққа мирас.
Бүгінгі құрылтайдың басты мақсаты – әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды ұлықтау. Әкелердің мектеп өміріне белсенді араласуы – саналы, тәрбиелі, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеудің маңызды кепілі.
Әке – ұрпақтың рухани тірегі, ел болашағының негізін қалаушы. 
🔰Саналы әке – саналы ұрпақтың бастауы.

https://www.facebook.com/share/r/1CQTeooshU/
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив