
Ұранды елдің ұрпағы – қайсар: Рухты шараның жарқын сәттері
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай рухымызды асқақтатқан «Ұранды елдің ұрпағы – қайсар» атты мерекелік іс-шараСЫ ұйымдастырылды.

Бұл кеш жай ғана мерекелік концерт емес, жас буынның жүрегіне отаншылдық нәрін сепкен, ұлттық мақтаныш сезімін оятқан тағылымы мол іс-шара болды.

Мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген шексіз сүйіспеншілікті қалыптастыру, ата-бабамыздан мирас болған ерлік пен батылдық қасиеттерін дәріптеу. Оқушыларды ел шетінде, жел өтінде тұрған жауынгерлеріміздің қаһармандығын құрметтеуге баули отырып, оларды нағыз патриот, қайсар тұлға етіп тәрбиелеу көзделді.

«Ер есімі – ел есінде» деген қағиданы ұстанған жас өрендер, бүгінгі күннің батырлары – Қазақстан Қарулы Күштерінің айбынын өлеңмен өріп, әнмен әспеттеді.
https://www.facebook.com/share/r/1Hdh6vPXQ3/