«Білім мен тәрбие – болашақтың негізі» ата-аналар жиналысы » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім мен тәрбие – болашақтың негізі» ата-аналар жиналысы
19
май
2026

«Білім мен тәрбие – болашақтың негізі» ата-аналар жиналысы

🔰Оқу жылының қорытынды кезеңіне байланысты жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізіліп, бірқатар маңызды мәселелер жан-жақты қарастырылды. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және ата-аналар қатысып, оқушылардың білім сапасы мен қауіпсіздігіне байланысты өзекті тақырыптар талқыланды.
🔰Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылындағы мемлекеттік емтихандарға дайындық жұмыстары кеңінен сөз болып, оқушылардың білім деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы айтылды. Сонымен қатар мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ге дайындық барысы туралы толық ақпарат беріліп, тестілеуге сапалы дайындалудың маңыздылығы түсіндірілді.
🔰Сондай-ақ балалардың жазғы демалысын тиімді әрі қауіпсіз ұйымдастыру жолдары қарастырылып, жаз мезгілінде оқушылардың бос уақытын пайдалы өткізу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысының маңызы атап өтіліп, тәрбие мәселесінде өзара тығыз байланыс орнату қажеттігі айтылды.
🔰Жиналыс кезінде жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары, оның ішінде судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға балалардың өмір қауіпсіздігіне мұқият қарау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оқу жылының аяқталуына байланысты заңсыз қаражат жинауға жол бермеу және ысырапшылдықтың алдын алу мәселелері ерекше назарға алынды, қарапайымдылықты сақтау және артық шығынға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔰2026–2027 оқу жылындағы мектеп формасына қойылатын талаптар мектептің ішкі тәртібін сақтауға ықпал етеді.  Мектеп формасы – жай ғана киім үлгісі емес, ол оқушының тәртібін, ұқыптылығын, жауапкершілігін және білім ордасына деген құрметін көрсететін маңызды факторлардың бірі. 
Жиналыс барысында ата-аналарға мектеп формасына қойылатын негізгі талаптар түсіндіріліп, киім үлгісінің оқушы жасына сай, ыңғайлы, таза әрі жинақы болуы қажеттігі айтылды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив