
Жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, жаман әдеттердің зиянын түсіндіру, бос уақытын тиімді өткізуге, достық пен ынтымақтастықты дамыту, уақытты спортпен және шығармашылықпен өткізуге бағыттау, командалық рухты қалыптастыру, өзара сыйластық пен бір-біріне қолдау көрсету дағдыларын нығайту, қоғамдық іс-шараларға қатысу белсенділігін арттыру мақсатында «Даналық мектебі» клубы – «Аға қамқорлығы» мектебі аясында аға мен інілер арасында командалық «Жирен жаман әдеттен» спорттық сайысы ұйымдастырылды.

Сайыс барысында командалық ойында «Асық ату», «Ләңгі тебу», «Дартс», «Қол күрес» кезеңдері бойынша «Атилла», «Барыс», «Қыран», «Ұлан» топтары жарысты. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деген ұстаныммен «Аға қамқорлығы» мектебінде командалар салауатты өмір салтын ұстану мақсатымен белсенділік көрсетті.
Ұйымдастырған: «Даналық мектебі» клубының жетекшісі Б.Т.Муханова, пән мұғалімдері: А.Жасұзақ, А.Канибаев.
https://www.facebook.com/share/v/18uFNGM5bm/
https://www.facebook.com/share/v/1Aoeiq1NA5/
