«Табиғаттан шабыт алған шеберлік» қолөнер көрмесі
2025 жылғы 12 маусым күні мектеп жанындағы «Достық» жазғы лагері аясында тәрбиеленушілердің шығармашылығын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және экологиялық тәрбие беру мақсатында «Табиғаттан шабыт алған шеберлік» атты қолөнер көрмесі өткізілді. Көрмеге 1-7 отрядтары белсене қатысты. Әр қатысушы өз туындысында табиғат сұлулығын – жануарлар мен өсімдіктер әлемін, табиғи пейзаждар мен құбылыстарды бейнелеуге тырысты. Шығармалар ағаш, қағаз, мата, жапырақ, жүн, тас сияқты табиғи