
2025 жылғы 5 маусым күні Мектеп жанындағы Достық жазғы лагерінде «Бәрі біреуге ұқсайды!» атты ерекше пародия кеші өткізілді.

Бұл кештің басты ерекшелігі – қатысушылардың сахнада түрлі танымал тұлғаларды, оның ішінде әншілерді, тележүргізушілерді, тиктокерлер мен тәрбиешілерді сомдап, ерекше әзіл мен креативтілік танытуы болды.

Мақсаты: қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өздерін түрлі танымал тұлғалардың образында еркін көрсетуіне жағдай жасау. Сонымен қатар, іс-шара достық пен көңілді атмосфера қалыптастырып, қатысушылар мен көрермендердің арасында ынтымақтастық пен позитивті қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Байқауға қатысқан отрядтар: Айбын, Чемпион, Экипаж, Космос, Жалын, Феникс, Барсы, Қыран. Кеш барысында әр отряд өздерінің шығармашылық шеберлігін паш етіп, сахнада әзіл-сықақ пен шынайы эмоцияны қатар ұсынды. Қатысушылардың өнері әділ қазылар алқасы тарапынан 5 баллдық жүйе бойынша бағаланып, үздік отрядтар марапатталды.

Байқау нәтижесі бойынша:
«Бәрі біреуге ұқсайды!» пародия кеші – тек сыртқы ұқсастықтар ғана емес, әр адамның ішкі әлеміндегі ерекше талант пен даралықты ашқан тамаша өнер кеші болды.
https://www.facebook.com/share/v/1AR5KoCqrj/