
2025 жылғы 9 маусымда мектеп жанындағы «Достық» жазғы лагерінде көңілді де әсерлі, өнер мен шабытқа толы «QOZǴALYS: БИДІҢ ТІЛІМЕН СӨЙЛЕ!» атты жастар би байқауы өтті.

Бұл байқаудың мақсаты — жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық және заманауи би өнерін насихаттау, сондай-ақ лагерь қатысушыларының бірлігін, достығын нығайту болды.

Байқауға лагерьдің келесі отрядтары қатысты:

Ер Төстік

Теремок

Алтын балық

Маугли

Золушка

Мадагаскар

Толағай
Қатысушылар түрлі жанрдағы билерді шеберлікпен орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Олар би арқылы достықты, ынтымақты, қуанышты және ішкі жан дүниесін жеткізе білді.

Көңілді өткізілген іс-шара балаларға қуаныш пен шабыт сыйлады. Бұл кеш – тек өнер сайысы ғана емес, достықтың, бірліктің, шығармашылықтың жарқын көрінісі болды.
https://www.facebook.com/share/v/16Uviq2TTg/