Іс-шаралар » Страница 5 » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ағымдағы жылдың 20 мамырында бастауыш сынып оқушыларына "Заң және тәртіп" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
27
май
2025
Ағымдағы жылдың 20 мамырында бастауыш сынып оқушыларына "Заң және
 Ұйымдастырушы: бастауыш сынып мұғалімі Э.А. Арипова Бүгінгі сынып сағатында оқушылармен бірге қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығы туралы ой бөлістік. Сабақ барысында балалар өз құқықтары мен міндеттері туралы біліп, тәртіпті болудың адам өміріндегі рөлі жайында мағлұмат алды.  Заң — әділеттіліктің негізі  Тәртіп — мәдениетті тұлғаның көрінісі  Құқықтық білім — болашаққа сенімді қадам  Оқушылар қызығушылықпен қатысып, өз ойларымен бөлісті.
 «Ойынға салауатты көзқарас» жобасы аясында ағымдағы жылдың 21 мамырында тәлімгердің ұйымдастыруымен «Менің хоббиім» –  атты шығармашылық көрме өткізілді.
27
май
2025
 «Ойынға салауатты көзқарас» жобасы аясында ағымдағы жылдың 21
 Оқушылар өздерінің сүйікті хоббиі мен шығармашылық талпыныстарын көрсетті, өнерлерін ортаға салды.  Көрменің мақсаты – салауатты ойын мен бос уақытты тиімді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту. #Біртұтас_тәрбие
 Ағымдағы жылдың 08 мамырында «Буллингтен қорған!» жобасы шеңберінде 5-7 сынып оқушыларына арналған дәріс-әңгіме мен тренинг өткізілді.
27
май
2025
 Ағымдағы жылдың 08 мамырында «Буллингтен қорған!» жобасы шеңберінде
 Әлеуметтік педагог пен педагог-психолог балаларға буллингтің түрлері мен оның зияны туралы айтты, өздерін қорғау жолдарын түсіндірді.  Оқушылар сенім мен өзара құрметке негізделген қатынастарды дамытуға бағытталған жаттығуларға қатысты.  Бұл іс-шара мектепте қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.  Бірге буллингке қарсы тұрайық! ұранымен іс-шара аяталды. #Біртұтас_тәрбие
 «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында 2025 жылдың 20 мамырында  7-8 сынып оқушылары арасында дебат өткізілді.
27
май
2025
 «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында 2025 жылдың 20 мамырында  7-8 сынып
 Дебат тақырыбы: «Қоғам бала үшін қауіпсіз бе?»  Оқушылар екі топқа бөлініп, қоғамның балалар үшін қаншалықты қауіпсіз екенін өз көзқарастарына сүйене отырып қорғады.  Бір топ – қоғамда балаларды қорғайтын заңдар мен мүмкіндіктер бар екенін айтты.  Екінші топ – қауіптер әлі де көп, бала құқықтары жиі бұзылады деген пікірді ұстанды.  Дебат қызықты өтті, әр оқушы өз ойымен бөлісіп, дәлел келтіріп, қарсы тараптың уәжіне жауап беруге тырысты.  "Бала – қоғамның болашағы. Оған қауіпсіз орта қажет"
 «No Smoking Day» – Шылым шегуге қарсымыз!
27
май
2025
 «No Smoking Day» – Шылым шегуге қарсымыз!
 14 мамыр күні мектебімізде «Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында 8-11 сынып оқушыларына арналған маңызды кездесу өтті.  Мектеп психологы мен медбикенің ұйымдастыруымен өткен бұл шара шылым шегудің зияны мен оның салдары туралы терең түсінік берді.  Балалар зиянды әдеттердің денсаулыққа, ой-санасына және болашағына тигізер кері әсері туралы нақты мысалдар арқылы ақпарат алды.  Жиналыс барысында  сұрақ-жауап, пікірталас және видеоматериалдар көрсетілді.  Мақсатымыз – жастардың бойында
 "Қоғамдық мүлікті қорға!" жобасы аясында кезекті игі іс-шара өтті!
27
май
2025
 "Қоғамдық мүлікті қорға!" жобасы аясында кезекті игі іс-шара өтті!
 22-23 мамыр күні мектебімізде "Қаланың келбетін сақтайық!" атты сенбілік ұйымдастырылып, оған 1-11 сынып оқушылары ат салысты.  Оқушылар мектеп аумағын, сынып бөлмелерін тазалап, өз үлестерін қосты.  Бұл тек тазалық жұмысы ғана емес — қоғамдық ортаға деген жанашырлықтың нақты көрінісі болды! Біз бірге — таза, әдемі орта қалыптастыра аламыз! #Біртұтас_тәрбие
 Ағымдағы жылдың 05 мамырында мектебімізде «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында 5-6 сынып оқушыларына арналған бейнефильмдер көрсетілімі өтті.
27
май
2025
 Ағымдағы жылдың 05 мамырында мектебімізде «Цифрлық әлемде қауіпсіз
Балаларға интернеттегі қауіптер мен олардан қорғану жолдары туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат ұсынылды.  Бейнефильмдер арқылы оқушылар:  Қауіпсіз интернетті қалай қолдану керек?  Құпия сөзді қалай құру қажет?  Бейтаныс адамдармен онлайнда сөйлесу қаншалықты қауіпті?  Кибербуллингтен қалай қорғану керек? – деген маңызды сұрақтарға жауап алды. #Біртұтас_тәрбие
"Қауіпсіз қоғам!" жобасы аясында сәуір айында келесі тақырыптар бойынша «Зорлық-зомбылықсыз әлем», 8-11 сынып
27
май
2025
"Қауіпсіз қоғам!" жобасы аясында сәуір айында келесі тақырыптар
«Бақытты балалық шақ!», 3-4 сынып «Менің қауіпсіз ортам»  5-7 сынып арасында эссе жазу байқауы өткізілді. Оқушыларға 1,2,3 дәрежелі дипломдар табысталды. #Біртұтас_тәрбие
 "Қоғамдық мүлікті қорға!" жобасы аясында сәіір айында «Қоғамдық мүлікті қорға!» тақырыбында 1-4 сынып оқушыларына сынып сағаты өткізілді.
27
май
2025
 "Қоғамдық мүлікті қорға!" жобасы аясында сәіір айында «Қоғамдық
Мақсаты: Оқушыларға қоғамдық мүліктің не екенін түсіндіру, оны ұқыпты ұстауға, құрметтеуге және қорғауға тәрбиелеу. Міндеттері: Қоғамдық мүлік пен жеке мүліктің айырмашылығын түсіндіру. Мектеп, аула, көше секілді ортақ жерлердегі заттарға (орындық, тақта, ойын алаңы т.б.) ұқыппен қарауға үйрету. Оқушылардың бойында жауапкершілік пен тәртіптілік дағдыларын қалыптастыру. #Біртұтас_тәрбие
Сәуір айында «Буллингтен қорған!» жобасы аясында «Мейірімділік әлемі»  (1-4-сынып),  «Біздің тату сынып және мен» (5-8-сыныптар), 
27
май
2025
Сәуір айында «Буллингтен қорған!» жобасы аясында «Мейірімділік әлемі»
«Өз эмоцияңды басқара біл!» (9-11-сыныптар) арасында сынып сағаттары өткізілі. Сынып сағаттарының мақсаты: оқушылар арасында бірлік пен татулықтың, адамгершілік қаситеттердің маңызы екендігін дәріптеу. #Біртұтас_тәрбие