Ақпарат » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
май
2026

Ақпарат

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері спорт мектептері мен секция тәрбиеленушілерімен профилактикалық кездесулер ұйымдастыруда, деп хабарлайды baq-orda.kz.
 Іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдерге топтық төбелестердің, буллинг пен бопсалаудың, сондай-ақ өзге де заңға қайшы әрекеттердің салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Полицейлердің айтуынша, спорт ең алдымен ерік-жігерді шыңдап, тәртіпке баулып, өзара құрмет пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға қызмет етуі тиіс.
Кездесулер аясында оқушыларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, тәжірибеден алынған нақты мысалдар келтіріледі. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы жанжалды жағдайлардың алдын алу жолдары кеңінен талқылануда.
Мамандар құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, олардың алдын алудың маңызы зор екенін атап өтті. Себебі спорт мектептерінде белсенді, жігерлі әрі мақсатшыл жастар тәрбиеленіп келеді. Осыған байланысты полиция қызметкерлері олардың күш-қуатын дұрыс арнаға бағыттап, төбелеске, буллингке, бопсалауға және өзге де заңсыз әрекеттерге тартылуына жол бермеуді басты міндеттердің бірі ретінде қарастырады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив