Жамбыл облысында полицейлер 3,5 мыңға жуық пышақ пен кастет тәркіледі » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жамбыл облысында полицейлер 3,5 мыңға жуық пышақ пен кастет тәркіледі
16
май
2026

Жамбыл облысында полицейлер 3,5 мыңға жуық пышақ пен кастет тәркіледі

  Полиция қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық іс-шаралар мен рейдтік жұмыстарды өткізу барысында тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру және сақтау деректерін анықтап, жолын кесу шараларын тұрақты түрде жүргізуде.
Жыл басынан бері полицейлер 3,5 мыңға жуық пышақ пен кастетті тәркіледі. Мұндай әрбір зат — азаматтардың өмірі мен денсаулығына төндіретін ықтимал қауіп болып табылады.
Мұндай заттар көбіне құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасау құралына айналады, әсіресе адамдар көп жиналатын орындарда, түнгі уақытта және тұрмыстық жанжалдар кезінде қолданылуы мүмкін. Сондықтан қоғамдық орындардағы тексерулерге, профилактикалық жұмыстарға және жастар арасында түсіндіру шараларына ерекше назар аударылуда.
Жазғы демалыс қарсаңында полиция қызметкерлері ата-аналарды балалардың бос уақытын және жүріс-тұрысын қатаң бақылауға шақырады. Олардың уақытты қалай өткізіп жүргеніне мән беріп, пышақ, кастет және өзге де тыйым салынған заттарды алып жүруіне жол бермеу қажет. Ересектердің немқұрайдылығы ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Негізгі мақсат — қайғылы жағдайлардың алдын алу және қару қолданылғанға дейін құқық бұзушылықтардың жолын кесу.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ескертеді: тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау және алып жүру заң аясында қатаң жауапкершілікке әкеледі, ал оларды қолдануға жасалған кез-келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив