19
май
2026
2026 жылдың 12–15 мамыр күндері №66 келешек мектеп базасында «Білім беру ұйымын дамытудың әдістері: тәжірибе, ізденіс, нәтиже» тақырыбында қалалық тәжірибе алмасу алаңы өтті.
https://www.instagram.com/taraz_bilim/reel/DYXfr1TMRzq/
Іс-шараға қала мектептерінен 200-ге жуық пән мұғалімі қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтер ChatGPT, Copilot, Gemini, Canva AI, Gamma, Curipod, MagicSchool AI, Diffit, Tome AI, Heygen, Phet, Khan Academy AI сынды заманауи жасанды интеллект платформаларын сабақта тиімді қолдану жолдарын таныстырды.
Мұғалімдер аталған платформалар арқылы тест тапсырмаларын құрастыру, практикалық және зертханалық жұмыстар әзірлеу, жаңа тақырыпты түсіндіру, виртуалды зертханалар ұйымдастыру, презентациялар мен бейнематериалдар жасау бағытындағы жұмыстарын көрсетті.
Тәжірибе алаңы педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, инновациялық тәжірибелермен алмасуға үлкен мүмкіндік жасады. Әр секция қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтады. ✨