Тараздағы Тұңғыш Президент саябағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты салтанатты жиын өтті. » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тараздағы Тұңғыш Президент саябағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты салтанатты жиын өтті.
05
июнь
2026

Тараздағы Тұңғыш Президент саябағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты салтанатты жиын өтті.

https://www.instagram.com/reel/DZKSDnNtOXI/?igsh=MW9meWs2eXZ3bTQyNQ%3D%3D

 

Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі  Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков, белсенді жастар, спорт саңлақтары мен тұрғындар қатысты. 

Ең әуелі еліміздің көк  Туы көкке көтеріліп, мемлекеттік Әнұран шырқалды. 

Келесі кезекте Ербол Шырақпайұлы жылы лебізін білдіріп, патриотизмді нығайтуға, облыстың қоғамдық-саяси өмірінің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа арнайы марапаттарды табыстады. 

Мерекелік жиын барысында халықаралық білім, ғылым және шығармашылық бәйгелерінде ел намысын абыроймен қорғап жүрген дарынды оқушылар көпшілікке таныстырылды. Сонымен қатар әлемдік және республикалық ареналарда Қазақстанның көк байрағын желбіретіп жүрген танымал спортшыларға ерекше құрмет көрсетілді. Олардың жетістіктері жас ұрпаққа үлгі ретінде насихатталып, өскелең буынды биік мақсаттарға ұмтылуға жігерлендірді.

Іс-шара аясында өнерлі өрендер мен шығармашыл жастардың қатысуымен патриоттық мазмұндағы  қойылымдар мен әсерлі хореографиялық композициялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Джитай» спорт клубының спортшылары көпшілікке арнайы көрсетілім ұсынып, жоғары дайындық деңгейі мен шеберліктерін паш етті. 

Шара соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен түйінделді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив