Таразда автоматтандырылған микроклимат бақылауы бар көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды. Осыған орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков аталған нысанды арнайы аралап, жұмысымен танысты. » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Таразда автоматтандырылған микроклимат бақылауы бар көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды. Осыған орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков аталған нысанды арнайы аралап, жұмысымен танысты.
05
июнь
2026

Таразда автоматтандырылған микроклимат бақылауы бар көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды. Осыған орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков аталған нысанды арнайы аралап, жұмысымен танысты.

https://www.instagram.com/reel/DZHi4u4t_f_/?igsh=N3YxNHB3MWlod2c4

«TRZ Agro» ЖШС-нің агроөнеркәсіптік аймағында орналасқан жоба инвесторлық қаражат есебінен жүзее асырылған. Заманауи технологиялармен қамтылған қойма бір мезетте 12 мың тоннаға дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға мүмкіндік береді. Нысанда өнімнің сапасын ұзақ уақыт бойы сақтауға барлық жағдай жасалған. Автоматтандырылған микроклимат жүйесі температура мен ылғалдылық көрсеткіштерін тұрақты бақылап, өнімнің бүлінбей сақталуын қамтамасыз етеді.

 Аталған жобаның іске қосылуы нәтижесінде 20 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар бұл нысан бүгінде Жамбыл облысындағы ең ірі көкөніс сақтау қоймасы саналады. 

Сондай-ақ аталмыш агроөнеркәсіптік аймақта терең, үздіксіз және ағынды ет өңдеу кешенінің құрылысы жүруде. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. 

Жобалық қуаттылығы жылына 7 мың тоннадан асатын кешен іске қосылғаннан кейін 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Өндіріс орнында мал сою, етті бөлшектеу, шұжық өнімдерін шығару, консервілеу, сондай-ақ үй жануарлары мен балықтарға арналған азық өндіру бағытындағы бірнеше цех жұмыс істейтін болады.

Агроөнеркәсіптік аймақтағы тағы бір ауқымды жоба – жыл бойы өнім өндіруге мүмкіндік беретін заманауи жылыжай кешені. Жобаның өндірістік қуаттылығы жылына 1 536 тонна өнім шығаруға есептелген. Жылыжай автоматтандырылған жоғары технологиялық жабдықтармен, тамшылатып суару жүйесімен, тұман қалыптастыру және климатты басқару технологияларымен толық қамтылған.

Әрбір нысанмен мұқият танысқан Ербол Шырақпайұлы жүзеге асырылып жатқан жобалардың экономикалық және әлеуметтік маңызына кеңінен тоқталды. Аймақ басшысы өз сөзінде мұндай заманауи өндіріс орындары өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға және жалпы облыс экономикасының тұрақты өсіміне елеулі үлес қосатынын айрықша атап өтті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив