«Қысқы демалыс – қызыққа толы күндер»  » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қысқы демалыс – қызыққа толы күндер» 
31
декабрь
2025

«Қысқы демалыс – қызыққа толы күндер» 

🌀🌀🌀Қысқы каникул кезеңінде ұйымдастырылған мектепішілік «Қысқы демалыс – қызыққа толы күндер» іс-шаралар жоспары аясында 3-сынып оқушылары үшін «Қысқы ертегі» тақырыбында сурет салу іс-шарасы өткізілді. Бұл шығармашылық жұмыс барысында оқушылар өз қиялдарын еркін ұштап, қыс мезгілінің сұлулығы мен ертегілік әлемін сурет арқылы бейнелеуге мүмкіндік алды.
🌀🌀🌀Балалар суреттерінде ақ ұлпа қар жамылған табиғат көріністерін, аязды күннің әсем сәттерін, көңілді қысқы ойындарды, сондай-ақ ертегі кейіпкерлері мен қысқы мерекелердің жарқын сәттерін шынайы ықыласпен көрсете білді. 
🌀🌀🌀Түрлі-түсті бояуларды, қарындаштар мен фломастерлерді шебер пайдалана отырып, әр оқушы өз жұмысына ерекше мән беріп, шығармашылық белсенділік танытты.
🌀🌀🌀Іс-шара барысында оқушылардың өнерге деген қызығушылығы артып, эстетикалық талғамы мен бейнелеу дағдылары дами түсті. Бұл шығармашылық жұмыс олардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыруға, қиял-ойын кеңейтуге, өз ойын еркін жеткізуге ықпал етті. Сонымен қатар қыс мезгіліне тән әсемдік пен ертегілік атмосфераны сезіну арқылы балалардың өнерге, сұлулыққа деген сүйіспеншілігі нығая түсті.
Сынып жетекші: С.А.Бейсенова

https://www.facebook.com/reel/1877770106434611
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив