Оқушылардың тарихи-мәдени дүниетанымын кеңейту, ұлттық құндылықтарға, ел тарихына және мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ оқушылардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында қысқы каникул уақытындағы мектепішілік "Қысқы демалыс-қызыққа толы күндер" іс-шаралар жоспары аясында 6-7 сынып оқушыларымен "Тарихи-өлкетану" музейіне саяхат ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар музей қорындағы тарихи жәдігерлермен, археологиялық және этнографиялық экспонаттармен, аймақтың тарихына қатысты құнды материалдармен танысты. Музей қызметкерлері оқушыларға экспозициялар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, белсенділік танытты.