ЖЖЕ№6 «Жол қозғалысының қауіпсіздігі»/ Қауіпсіздік сабағы №1 «Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері» сынып сағаты

Құндылық: Еңбекқорлық және кәсібибіліктілік

Индикатор: Уақытты тиімді жоспарлай білу және кез келген іс-әрекеттің нәтижелеріне қол жеткізу және жақсарту үшін күш салу.

Ізденіс – жаңа білім алуға, білмегенді үйренуге талпыну. Адамның сұрақ қойып, жауап іздеуі, қателессе де қайта тырысуы - ізденістің белгісі.

Шығармашылық - адамның жаңаша ойлап, ерекше идея ұсыну қабілеті. Ол қиялға, ойлау еркіндігіне, батылдыққа негізделеді. Шығармашыл адам мәселені өзгеше жолмен шешеді.

Жетістікке жету үшін мақсат, еңбек, табандылық және сенім қажет. Сонымен қатар уақытты дұрыс пайдалану, білімге құштар болу және өз-өзіңе сену маңызды.

Оқушыларға ізденіс пен шығармашылықтың маңызын түсіндіру, жетістікке жетудің жолдарын анықтау, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қайталау, сенім телефондары мен жедел қызмет нөмірлерін үйрету мақсатында «Ізденіс пен шығармашылық – жетістіктің бастауы», ЖЖЕ№6 «Жол қозғалысының қауіпсіздігі»/ Қауіпсіздік сабағы №1 «Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері» тақырыбында 6 «А» сыныбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағаты барысында «Жетістік баспалдағы», «Шығармашыл адам қандай?», «Менің болашақ жетістігім» тақырыптарында постер жазып, өз ойларымен бөлісті.
ЖЖЕ№6 «Жол қозғалысының қауіпсіздігі»/ Қауіпсіздік сабағы №1 «Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері» туралы ақпараттар беріліп, тақырып бойынша сұрақ-жауаптар, тапсырмалар орындалды.
Сынып жетекші: Д.Б.Қаржаубаева

