
Құндылық: «Заң және тәртіп»

Индикатор: Азаматтық-құқықтық білім туралы түсінігінің болуы; мектепте, қоғамда этикалық және құқықтық нормалар мен ережелерді сақтаудың маңыздылығын білу.

Оқушыларға интернеттің пайдасы мен зияны туралы жан-жақты түсінік беру, оны қауіпсіз әрі саналы түрде қолдануға үйрету, уақытты тиімді пайдалануға және жауапкершілікке баулу мақсатында «Интернет дос па, әлде жау ма?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағаты барысында оқушылармен интернеттің білім алудағы, ақпарат іздеудегі, қарым-қатынасты нығайтудағы және бос уақытты тиімді ұйымдастырудағы оң мүмкіндіктері туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, интернет желісіндегі қауіп-қатерлер, бөгде адамдармен байланысудың салдары, жеке мәліметтерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу және интернетке тәуелділіктің зияны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара сұрақ-жауап, пікір алмасу, жағдаяттық тапсырмалар және көрнекі материалдар арқылы ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, интернетті дұрыс қолдану жолдары туралы белсенді түрде пікір алмасты. Сынып сағаты оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттырып, интернетті қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға бағыт-бағдар берді.
Сынып жетекші: Бейсенова С.А



