
Челлендждің мақсаты – жас ұрпақтың бойына ризашылық, құрмет пен ізгілік құндылықтарын сіңіру, жүректен шыққан шынайы алғысты дәріптеу.

Іс-шара барысында оқушылар ата-анасына, ұстаздарына, достары мен айналасындағы жандарға жүрекжарды тілектерін арнап, жылы лебіздерін білдірді.

Жүректерге мейірім сыйлайтын іс-шара оқушылардың бір-біріне деген сыйластығын арттырып, мейірім мен татулықтың маңызын терең ұғынуға мүмкіндік берді.

Жүректен шыққан әрбір алғыс сөзі көңілді мейірімге толтырды.

Көңілге жылу ұялатқан: «Мен әкеме ерекше алғыс білдіремін. Мені әрқашан қолдайды», «Атам әжеме алғыс айтамын маған осындай әке тауып бергені үшін», «Әкеме алғыс айтамын әрқашан бізді қолдайды», «Әкеме шексіз ризамын. Сіздей әкем барына қуанамын», «Анашым сізді жақсы көремін» деген тілектер.

Осындай тағылымы мол бастамалар жас буынды адамгершілікке тәрбиелеп, қоғамда ризашылық пен ізеттілік мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосады.
https://www.facebook.com/otyz.t.rtinsi.mektep/posts/pfbid03AzhySbHEnhPkTP5Q2vgg1f6xacqWseVdJy28sh4NMmpKgZVc6kM4oDDH9554qgql