
Көрісу – халқымыздың ғасырлардан жалғасқан ізгі дәстүрі, ол татулық пен сыйластықтың, бірлік пен мейірімділіктің белгісі.

14 наурыз – тек амандасу күні ғана емес, жүректерді жақындататын, адамдарды бір-біріне бауырмал ететін ерекше мереке. Бұл күні үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіріп, бір-бірімізбен жылы жүзбен көрісіп, ақжарма тілектер айтамыз.

Осы мереке арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, достық пен бауырмалдықты нығайтамыз. Сондықтан барша оқушыларды «Қуанышқа толы көрісу» челленджіне қатысып, бір-біріне жылы лебіз білдіруге, мейірім мен қуаныш сыйлауға шақырамыз. Көрісу күні әр шаңыраққа шаттық, әр жүрекке жылулық сыйласын!
https://www.facebook.com/share/r/1DSW5F6QhN/