Қауіпсіздік сабағы №8 «Ата-аналардың бақылауы» бағдарламасы – бала үшін артықшылығы

Оқушыларға буллингтің (жәбірлеудің) мәнін терең түсіндіру, оның зиянды салдарын ұғындыру және кез келген жағдайда бір-біріне қолдау көрсету, құрметпен қарау дағдыларын қалыптастыру арқылы сыныпта қауіпсіз, мейірімді психологиялық орта құру мақсатында «Бір-бірімізге қолдау көрсетейік» тақырыбында 3 «А» сыныбында сынып сағаты өткізілді.
«Буллинг деген не?»
Буллинг – бұл бір адамды әдейі, жүйелі түрде ренжіту, қорлау немесе шеттету.
Оқушылар сабаұ барысында осы тақырып туралы сұрақ-жауаптар арқылы өз ойларымен еркін бөлісті.

ЖЖЕ №5 «Сен - велосипедші». Оқушыларға велосипедпен жолда қауіпсіз жүру ережелерін үйрету, жол белгілерін таныстыру және жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру мақсатында велосипедпен жүрудің маңызды тұстары айтылды және қызықты ақпараттар берілді.

Қауіпсіздік сабағы №8 «Ата-аналардың бақылауы» бағдарламасы – бала үшін артықшылығы» тақырыбының мақсаты: балалардың ұялы телефондарына «Ата-ана бақылауы» мобильді қосымшасын орнатуға құштарлығын дамыту.
Сынып жетекші: Бейсенова С.А.
https://www.facebook.com/share/p/1GaCCEnVQc/


