
Бірлік күні - еліміздегі әртүрлі ұлттардың, мәдениеттердің, дәстүрлердің бір-біріне деген сыйластықпен, ынтымақтастықпен бірге өмір сүретіндігін көрсететін күн. Бірлік - бұл бірге болу, ортақ мақсатқа бірге ұмтылу. Бұл біздің еліміздің ерекшелігі – біз әртүрліміз, бірақ бір ұлттың өкілдеріміз. БІРЛІК БІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ!
Қазақ елі – қашаннан да жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.
Бір-бірімен тату-тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан тұрағы.
Туған жерге тебіренген сәттерде,
Ағылады өлең-жырдың бұлағы.

Мақсаты: Мемлекетіміздің өркендеп, ілгері басып келуінің бір себебі-елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының нық болуын жалғастыру, татулықты дәріптеу, ұлттар достығын сақтау мен нығайтудың маңызы зор екеніне көз жеткізу.

Құндылық: Тәуелсіздік және отаншылдық

Индикатор: дәстүрлерді сақтау және құрметтеу.

Күтілетін нәтиже: Дәстүрлерді сақтайды және құрметтейді.

Қауіпсіздік сабағы №1 сынып сағатының соңғы 10 минутында өткізілді. Оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, өмірлік маңызы бар ақпараттар берілді.

