07
май
2026
Жас сарбаз» патриоттық әндер байқауы
«Шабыт» жобасы аясында оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық әндер арқылы туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Жас сарбаз» атты патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында оқушылар партиоттық әндерді орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Байқауға 4-5 сынып оқушылары белсене қатысып, сахна төрінде өздерінің вокалдық шеберліктерін көрсетті. Оқушылар орындаған әндер Отанға деген мақтаныш сезімді оятып, көрермендердің жүрегіне ерекше әсер қалдырды. Әрбір қатысушы өз орындауында әннің мазмұнын терең жеткізуге тырысып, сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейін танытты. Қазылар алқасы қатысушылардың киім үлгісін, орындау шеберлігін, сахнадағы өзін-өзі ұстауын ескере отырып бағалады. Нәтижесінде үздік өнер көрсеткен оқушылар анықталып, марапатталды.
https://www.facebook.com/share/r/1aKX8WTEt3/