
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай және «Шабыт» жобасы аясында мектепте 6, 7, 8, 10 сынып оқушылары арасында «Жас Сарбаз» сапта жүріп әскери-патриоттық ән айту байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың бойындағы рухани құндылықтарды нығайту, Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру болды. Сонымен қатар, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, патриоттық әндерді насихаттау арқылы ұлттық рухты көтеру, елін қорғаған батырлар мен тарихи оқиғаларды дәріптеу көзделді.

Байқау барысында әр сынып өздерінің дайындығын көрсетіп, саптық жүріс, әскери тәртіп және патриоттық әндерді орындау шеберлігі бойынша сынға түсті.

Қатысушылардың киім үлгісі, сапта жүру үйлесімділігі, әнді орындау мәдениеті мен мазмұнды жеткізуі қазылар алқасы тарапынан бағаланды. Әр сыныптың өнер көрсетуі олардың жауапкершілігін, ұйымшылдығын және Отанға деген құрметін айқын көрсетті.

Іс-шара барысында оқушылар әскери-патриоттық әндерді нақышына келтіре орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Байқау тек жарыс қана емес, сонымен бірге жас ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, олардың бойында батырлыққа, ерлікке деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

Қорытынды кезеңде үздік деп танылған сыныптар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді және 6-7 сынып, 8,10 сыныптар жас ерекшілегіне қарай жеке бағаланды.

Нәтижесі:

Бас жүлде - 7 «А» сыныбы

І орын – 6 «А» сыныбы

ІІ орын – 6 «Ә», 7 «Ә» сыныптары

ІІІ орын – 6 «Б», 6 «В» сыныптары

Алғыс хат – 6 «Г», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г» сыныптары

Бас жүлде – 10 «Ә» сыныбы

І орын – 8 «А» сыныбы

ІІ орын – 8 «Ә», 10 «А» сыныптары

ІІІ орын – 10 «Б», 10 «В» сыныптары

Алғыс хат – 8 «Б», 8 «В», 8 «Г», 8 «Д» сыныптары
https://www.facebook.com/share/v/1RNqPN7CSu/