14
май
2026
ҚАУІПСІЗДІК — БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ!
14.05.2026 жылы 9-сынып білім алушыларымен қауіпсіздік бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, көшедегі қауіпсіздік талаптары, рұқсатсыз басқосулардың алдын алу және көлік оқыс оқиғаларының салдары туралы маңызды ақпараттар ұсынылды.
Сонымен қатар арнайы бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларға өмір қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және заң талаптарын орындаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мақсат — жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.