27
май
2026
«Білімім - Отаныма» бірыңғай тәрбие сағаттары
Білім – адам өміріндегі ең асыл қазына, ең биік құндылық. Білімді адам – өз болашағын жарқын етіп қана қоймай, елінің дамуына үлес қосатын саналы тұлға. Сондықтан да бұл тәрбие сағаты оқушылардың жүрегіне «білім арқылы елге қызмет ету» идеясын сіңіріп, Отан алдындағы жауапкершілікті терең сезіндіруге бағытталады.
«Білімім – Отаныма!» деген қасиетті ұғым – әр адамның туған жеріне деген ыстық ықыласын, еліне адал қызмет етуге деген ұмтылысын білдіреді. Туған елдің болашағы – білімді, тәрбиелі, парасатты ұрпақтың қолында. Білімді жас – ел тірегі, ұлт мақтанышы, мемлекет келешегінің кепілі.
Тәрбие сағатының мақсаты:
• Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру;
• Өскелең ұрпақты бірлік пен татулыққа, жалпыұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеу, Халықтық Конституцияның маңыздылығын насихаттау, заң мен тәртіпті нығайту.
• Білімнің адам өміріндегі және ел болашағындағы маңызын түсіндіру;
• Жас ұрпақты елжандылыққа, жауапкершілікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
• Оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, ел дамуына үлес қосуға ынталандыру;
• Тәуелсіз Қазақстанның болашағы білімді, саналы ұрпақ қолында екенін ұғындыру;