🎊Лагердің салтанатты ашылуы «Camp-Fest: Жазғы толқын» концерттік іс-шараның ашылуы » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🎊Лагердің салтанатты ашылуы «Camp-Fest: Жазғы толқын» концерттік іс-шараның ашылуы
01
июнь
2026

🎊Лагердің салтанатты ашылуы «Camp-Fest: Жазғы толқын» концерттік іс-шараның ашылуы

🎊2026 жылдың 1 маусымы — Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келген ерекше мереке күні балалар асыға күткен жазғы демалыстың алғашқы парағын ашты. Таңертеңнен бастап лагерь аумағы балғындардың сыңғырлаған күлкісіне, шаттыққа толы әуендерге бөленіп, айнала ерекше мерекелік атмосфераға енді. 
🎊Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын көңілді, мазмұнды әрі белсенді бастау; оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, лагерь ережелерімен және алдағы жоспарлармен таныстыру.
⚜️Құндылық: Бірлік және ынтымақ.
🎊Мерекелік іс-шараның алғашқы құттықтау тілегі мектеп директорының жүрекжарды құттықтау сөзімен ашылды. Ол балаларды айтулы мерекемен құттықтап, жазғы демалыстың қызықты әрі қауіпсіз өтуіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар лагерьдің тыныс-тіршілігі, қауіпсіздік ережелері мен алдағы қызықты жоспарлары туралы таныстырып өтті.
🎊Мерекелік бағдарлама барысында сахна төрінде достықты, балалық шақтың бақытын және жаздың жарқын сәттерін жырлаған әсем әндер шырқалды. Өнерлі оқушылар орындаған мың бұралған билер көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

https://www.facebook.com/share/r/1Sf2z81TMU/
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив