1 маусым күні мектеп жанындағы «Достық» жазғы лагерінде балалардың қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға бағытталған түрлі үйірме жұмыстары белсенді түрде өткізілді.

«Тоғызқұмалақ» үйірмесінде оқушылар ұлттық ойынның қыр-сырын меңгеріп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Балалар өзара сайысқа түсіп, тапқырлық пен зейінділіктерін көрсетті.

«Әдеби коллаж» үйірмесінде қатысушылар әдеби шығармалар кейіпкерлері мен көркем туындылар негізінде қызықты коллаждар жасап, өздерінің шығармашылық қиялдарын қағаз бетіне түсірді. Әр жұмыстан балалардың әдебиетке деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамы байқалды.

«Мозайка слов» және

«Лингво лагерь» үйірмелерінде оқушылар түрлі тілдік ойындар мен тапсырмалар орындап, сөздік қорларын байытты. Қызықты викториналар мен топтық жұмыстар арқылы балалардың тіл үйренуге деген ынтасы артып, коммуникативтік дағдылары жетілдірілді.

«Сиқырлы әлем» үйірмесі балаларды ертегілер мен қиял-ғажайыптар әлеміне жетеледі. Қатысушылар шығармашылық жұмыстар орындап, сурет салып, өздерінің қиялынан туған ерекше туындыларын ұсынды.

«SPORT camp» үйірмесінде спорттық жарыстар мен эстафеталар ұйымдастырылып, балалар салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ептілік пен шапшаңдықтарын сынады. Қимыл-қозғалысқа толы қызықты ойындар қатысушыларға ерекше серпін сыйлады.

Ал «Шабыт» үйірмесінде өнерге жақын балалар ән айтып, сурет салып, қолөнер жұмыстарымен айналысып, өз таланттарын паш етті. Шығармашылық атмосфера әр баланың қабілетін ашуға мүмкіндік берді.

Үйірме жұмыстары барысында балалар бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, жаңа білім мен тәжірибе жинақтады. Әрбір үйірме тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына ықпал етіп, лагерь күндерін мазмұнды әрі қызықты өткізулеріне жағдай жасады. Көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге толы бұл күн балалардың жадында ерекше естелік болып
лары сөзсіз.