☘️☘️☘️«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Күзгі асар»
Іс-шараның мақсаты: «Күзгі асар» көрме-жәрмеңкесі – оқушыларды еңбекке баулу, өз еңбегінің нәтижесін бағалауға үйрету, қолөнер бұйымдарын насихаттау, сонымен қатар әлеуметтік қолдау көрсету және ынтымақ пен бірлікті нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Бұл жоба жас ұрпақтың бойында адал еңбекке, кәсіпкерлікке және қоғамдық белсенділікке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Қатысушылар: Іс-шараға мектеп оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері, педагогтар қатысты. 1-3 сыныптар көрмеге