«Спорт – сенің таңдауың» спорт күніне, арналған «Спорттық станциялар» ойыны
03.06. күні мектеп жанындағы «Достық» жазғы лагерінде «Спорт күніне» арналған «Спорт – сенің таңдауың» жоспарына сәйкес «Спорттық станциялар» ойыны ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты — балалардың немесе қатысушылардың физикалық белсенділіктерін арттыру, оларды топпен жұмыс жасауға ынталандыру, сондай-ақ спортқа деген қызығушылығын дамыту. Бұл ойын қатысушыларды әртүрлі физикалық тапсырмалар арқылы сынақтан өткізіп, олардың қозғалыс қабілетін, жылдамдығын, төзімділігін және икемділігін жақсартуға бағытталған.
Ойын барысында «Жүгіру», «Кедергілерден жүгіріп өту», «Секіртпемен секіру», «Кім епті?» кезеңдері бойынша «ЕрТөстік», «Алтын балық», «Золушка», «Мадагаскар» топтары белсенділікпен, шапшаңдықпен жарысты.
Ойын балалардың физикалық дамуды, топтық ынтымақтастықты, спортқа деген қызығушылықтарды, көңілді және белсенді демалысты сезінді.
Ойын нәтижесінде «Алтын балық» отряды 1 орын, «Мадагаскар» отряды 2 орын, «Золушка» отряды 3 орын иеленсе, «ЕрТөстік» отряды алғыс хатпен марапатталды.