
Оқушыларды ел тарихымен терең таныстыру, батыр бабалардың ерлігін дәріптеу, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында патриоттық сана мен рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Ұлттық рухтың қайнары» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған шара аясында 8-сынып оқушылары Даңқ залына саяхат жасады. Саяхат барысында оқушылар Даңқ залындағы тарихи жәдігерлермен, соғыс жылдарындағы құнды деректермен және ерлік көрсеткен батырлардың өмір жолымен танысты.

Экспонаттар мен фотосуреттер арқылы оқушылар өткен тарихтың ауыр да тағылымды кезеңдерін көзбен көріп, терең әсер алды. Экскурсия жетекшісі оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, олардың майдандағы батырлығы мен тылдағы еңбегі туралы кеңінен мағлұмат берді. Оқушылар өз тарапынан қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, тарихи деректерге ерекше ықылас білдірді. Бұл танымдық саяхат оқушылардың тарихи білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттырды. Даңқ залынан алған әсерлері олардың жүрегінде өшпес із қалдырды.
https://www.facebook.com/share/r/18Si3r65wA/