
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында ұйымдастырылған Ғылым күніне арналған «Ғылыми идеялар жәрмеңкесі» мен «Таңғажайып тәжірибелер әлемі» атты тәжірибелік алаңдардың басты мақсаты – жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын оятып, олардың ізденімпаздық қабілетін дамыту. Бұл іс-шара арқылы оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, ғылыми ойлау дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ізденіске баулу көзделеді.

Сонымен қатар, оқушылардың өз идеяларын макет түрінде ұсынып еркін жеткізе білді. Тәжірибе арқылы ғылымның қыр-сырын тәжірибе жүзінде танып-білу арқылы жас өрендердің бойында жауапкершілік, ұқыптылық, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше мән берілді. Бұл болашақ ұрпақтың алғашқы қадамына жол ашып, олардың ғылым әлеміне деген қызығушылығын арттырып, олардың жаңашыл ойлауына, тың идеялар табуына жол ашатын ерекше алаң

«Таңғажайып тәжірибелер әлемі» алаңында жас зерттеушілер түрлі ғылыми тәжірибелер жасап, табиғат құбылыстары мен ғылыми заңдылықтардың мәнін тереңірек түсінуге қадам жасады. Осындай тә�