Бүлдіршіндер Достық үйімен танысты » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2026

Бүлдіршіндер Достық үйімен танысты

🔰28 сәуір күні №34 орта мектебі мен #4 орта мектебінің оқушылары үшін ерекше тағылымды күн болды. Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында қазақ, өзбек, дүнген, кәріс этностарының ұлттық киімдерін киген бүлдіршіндер жетекшілерімен бірге қаламыздағы Достық үйіне келіп, еліміздегі түрлі этностардың бай мәдени мұрасымен танысты.
🔰Танымдық экскурсияны Қазақстан дүнгендерінің республикалық орталығы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова ұйымдастырды. Қонақтарды «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинакбаева қарсы алып, Достық үйінің қызметі, қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтудағы рөлі туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.
🔰Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін де ортаға салды. 1 сынып оқушысы Ирада Гашизова патриоттық әндер орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.
🔰Экскурсия жалғасында көрме залының меңгерушісі Жазира Шідебаева оқушыларды экспозициялармен таныстырды. Әрбір жәдігер еліміздегі түрлі этностардың мәдениеті мен тарихынан сыр шертіп, жас буынға олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
🔰Маңызды іс-шара оқушылардың білім қорын толықтырып қана қоймай, оларға жаңа әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл күн достық пен өзара түсіністіктің, этносаралық татулықтың маңызын тағы бір мәрте айқындап берді.

https://www.facebook.com/share/r/1DvHCJYuDm/
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив