
Жобаның мақсаты:
Оқушылардың болашаққа деген көзқарасын дамыту, қиялын ұштау және шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы болашақта пайда болуы мүмкін жаңа мамандықтарды елестетіп, олардың қоғамға тигізетін пайдасын түсіндіру.

Оқушылар болашақта сұранысқа ие болуы мүмкін ойдан шығарылған мамандықтар туралы креативті жобалар дайындады. Олар әр мамандықтың атауын, атқаратын қызметін, қандай технологияларды қолданатынын және адамдарға қандай пайда әкелетінін ойластырып, макет, сурет, постер немесе презентация түрінде ұсынды. Жұмыс барысында оқушылар өз қиялдарын пайдаланып, заманауи технологиялардың дамуына негізделген тың идеялар ұсынды. Нәтижесінде болашақтағы еңбек әлемі туралы қызықты болжамдар жасалып, шығармашылық жобалар қорғалды.
https://www.facebook.com/share/r/1THyxby7xj/