
Оқушылардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, ептілік пен батылдыққа баулу мақсатында «Сарбаз жолы» атты квест ойыны ұйымдастырылып, мазмұнды әрі қызықты түрде өткізілді.

Ойын барысында қатысушылар бірнеше бекеттерден өтіп, әртүрлі тапсырмаларды орындады. Атап айтқанда, олар логикалық сұрақтарға жауап беріп, әскери тақырыптағы білімдерін көрсетті, кедергілерден өту арқылы ептіліктерін сынады, топпен жұмыс жасау арқылы ұйымшылдықтарын дәлелдеді. Әрбір кезең оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың белсенділігін оятты. Қатысушылар ойын барысында өзара қолдау көрсетіп, бір мақсатқа жету жолында ынтымақтастықтың маңызын түсінді. Квесттің әр кезеңі оқушыларға ерекше әсер сыйлап, оларды батылдық пен төзімділікке баулыды.

Ойынның мақсаты:
-Оқушылардың бойында отансүйгіштік, батылдық және жауапкершілік сезімдерін ояту
-Логикалық ойлауды, зейінді және мәтінмен, кодтармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
-Топта жұмыс істей білуге, бір-біріне көмектесуге және ортақ шешім қабылдауға үйрету.

Құндылық: Бірлік және ынтымақ
5 «Ә» сынып жетекшісі: Жақсылыкова Ұ.С.